Қоғам

Алма ТВ-ның ақшасы мен мүлкіне бұғау салынды

© Sputnik / Рамиль СитдиковҚұжат салынған папкалар, архивтегі фото
Құжат салынған папкалар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан қор биржасы "АлмаТел Қазақстанның" 2,18 миллиард теңге көлеміндегі мүлкіне бұғау салынғанын хабарлады

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. "АлмаТел Қазақстан" (Алма ТВ) компаниясының 2,18 миллиард теңге көлеміндегі ақшасы мен мүлкіне бұғау (арест) салынды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының сайты.

Лондон, Ұлыбритания - Sputnik Қазақстан
Экономика
Олигарх Мақсат Әріптің 17 миллион доллар тұратын үйіне бұғау салынды

 KASE сайтындағы ақпаратқа сәйкес бұғау салынған мүліктің атауы: "АлмаТел Қазақстан" АҚ кассасында жатқан және түсетін ақша қаражаты, "АлмаТел Қазақстан" АҚ-ға тиесілі жылжитын және жылжымайтын мүлік, екінші деңгейлі банктердегі ақша қаражаты мен өзге де мүліктер. Бұғау салынған мүліктің сомасы: 2 180 388 000 теңге. 

Бұғау салу шешімінің датасы – 2018 жылдың 12 сәуірі. 


Жаңалықтар
0