Қоғам

Бас прокуратура: түрмеге тыйым салынған заттарды қызметкерлердің өздері кіргізеді

Аршалы елді мекеніндегі ЕЦ-166/5 колониясы
Аршалы елді мекеніндегі ЕЦ-166/5 колониясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Былтыр түзеу мекемелерінде 503 ұялы телефон мен бір келіден аса есірткі тәркіленген

АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда түрмедегілерге тыйым салынған заттарды көбінесе колония қызметкерлерінің өздері кіргізеді екен. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Түрме - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырау облысында ұялы телефонның ірі партиясын түрмеге алып кірмек болған

"Өткен жылы 503 ұялы телефон және 1 келіден астам есірткі заты тəркіленді. Тыйым салынған заттарды түзеу мекемесіне көбінесе қызметкерлердің өздері кіргізеді. Мəселен, прокурорлар Тараздағы түзеу мекемесінің режимдік бөлім бастығы орынбасарының есірткі жеткізу əрекетін əшкереледі. Орал мен Ақмола облысының Аршалы ауданында колония қызметкерлері 9 ұялы телефон өткізбек болған", — деді Лоскутова бас прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар, биыл Атырауда "Еңбек-Атырау" республикалық кəсіпорын қызметкерлері 2 рет түрме аумағына тыйым салынған заттарды алып өтпекші болған. 

Олардан 33 ұялы телефон, wi-fi модем, есірткі жəне діни əдебиеттер тəркіленді. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Жаңалықтар
0