АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Тәулік ішінде жүздеген қазақстандық сайт хакерлер уысына түсті, олардың арасында Жоғары сот кеңесінің ақпараттық ресурсы да бар.
Кибершабуылдарды сараптау орталығының (ЦАРКА) мәліметінше, тәулік ішінде 300-ден астам сайтқа шабуыл жасалыпты, олардың төртеуі gov.kz доменіне тиесілі.
Орталық атап өткендей, хакерлер бас бетті ауыстырған жоқ. Болжам бойынша, алыстан басқару үшін бағдарламалық қамсыздандыру орнатқан.
Хакерлер сайттағы деректерді басқарып қана қоймай, қолданушылардың ақпаратын алып қойып, қарсы шабуылдар жасай алады.
Gov.kz доменіне тиесілі бұзылған сайттар:
- Қазақстан Республикасы Жоғары соты кеңесі (vss.gov.kz)
- Бірнеше өңірлік сайттар (uspenka.gov.kz, ontustik-shardara.gov.kz, ontustik-aris.gov.kz)
- Теміртау қаласының сайты (temirtau.kz).