Қоғам

Қазақстанда кенеден сақтандырылуға болатынын білесіз бе?

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтукене
кене - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандардың айтуынша, Қазақстан азаматтары арасында кене инфекциялары туралы білу деңгейі өте төмен

АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Былтыр Қазақстанда 10 348 адамды кене шақты, олардың 35-і кене энцефалитіне, 12-сі кене боррелиозына шалдыққан. Кене инфекциясын жұқтыру оқиғаларының жартысынан астамы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. 

"Биыл кенеден келген кеселге шалдығудың ресми фактісі әзірге тіркелген жоқ. Дегенмен, бүгінде денсаулық сақтау мекемелеріне кене шаққан  850-ден астам адам барған. Олардың 447-сі – балалар. ШҚО-да кене шағуы салдарынан 69 адам, Алматы облысында 552 адам зардап шекті. Алматыда мұндай 230 оқиға тіркелген", — дейді Manifestum мамандары. 

Бұл жәндіктердің белсенділік маусымы сәуірде басталып, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Ал, оңтүстік өңір үшін кенелер қауіп тудыратын уақыт мамырдың екінші жартысынан маусымның ортасына дейін созылады. Оңтүстік-шығыс және солтүстік өңірлерде мұндай кезең 2-3 аптаға кешірек басталады.

кене - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Оңтүстік Қазақстанда кене шаққан әйел мен бала көз жұмды

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми орталығының мәліметінше, Қазақстан тұрғындары арасында кене инфекциялары туралы білу деңгейі өте төмен. Соңғы жылдары вакцина алатын адамдардың саны азайып кетті. Егер 2000-шы жылдардың басында 45-тен 49 мың адамға дейін жыл сайын егілсе, ал 2017 жылы небәрі 16 279 адам ғана.   

Көршілес Ресейде кене энцефалитінің табиғи ошағы Қиыр Шығыс, Сібір мен Орал саналады. Бұл мәселені олар қалай шешіп келеді? Біріншіден, кене энцефалитіне қарсы жыл бойы егілуге болады. Екіншіден, вакциналар дәріханаларда қолжетімді. Үшіншіден, тұрғындарды ақпараттандыру деңгейі жоғары деңгейде. Бұған қоса, ресейлік сақтандыру компаниялары кене шағудан ерікті сақтандыруды ұсынады.  

Қазақстанда да сақтандырылуға болатынын екінің бірі біле бермейді. Алайда, сақтандыруды біздің нарықта тек бір компания – "Номад Иншуранс" ұсынады. 

"Кенеге қарсы" сақтандыру құны бюджет үшін шығынды емес: 4 адамнан тұратын отбасы үшін – небәрі 500 теңге, бір адам үшін – 200  теңге. 500 мың теңге көлемінде сақтандыру төлемін шұғыл медициналық шаралар көмектеспегенде ғана және сақтандыруы бар науқаста кене энцефалиті, кене боррелиозы (Лайм ауруы), кене эрлихиозы, конго-қырым геммарогиялық безгегі аурулары байқалғанда ғана алуға болады", — дейді "Номад Иншуранс" СК басқарма төрағасы Дәурен Иманжанов, — әрине, сақтандыру кене шағуын немесе аурудың туындауы қауіптерінің алдын алмайды, дегенмен жапа шеккен адамға қосымша қаржылық демеу көрсете алады. Бұл қаражатты ол қосымша ем үшін немесе өзі қалаған басқа да істерге жұмсай алады". 

Мамандардың сөзінше, Қазақстанда мамандығына қарай қауіп аймақтарына баратын адамдарға вакцина тегін қойылады. Сонымен бірге, зардап шеккендерге кенеге қарсы иммуноглобулин ақысыз енгізіліп, ауру анықталғанда ем жүргізіледі. Өз еркімен егілгісі келетіндерге мемлекеттік поликлиникаларда вакцина тек күз-қыс айларында тегін егіледі. Шұғыл кесте бойынша егілгісі келетіндер вакцинациялау бойынша жеке клиникаларға бара алады. 


Жаңалықтар
0