АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Оңтүстікте қырым қанды қызбасынан екі адам қаза тапты. Оның бірі – 13 жасар бала, деп жазады Otyrar.kz. басылымы. Қайғылы жағдай Бәйдібек ауданында болған.
Бізге белгілі болғандай, жеткіншек 19 маусым күні көз жұмған. Қаза болған жасөспіріммен қатынаста болған 23 адам қазіргі таңда оқшауланып, шұғыл түрде дәрігерлердің бақылауына алынды.
Ал екінші қайғылы жағдай Отырар ауданында болған. Мұнда жасы шамамен елуден асқан азаматшаны кене шағып, қайтыс болды. Қазір бұл іс бойынша медициналық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы қайғылы жағдайларға байланысты әзірге ресми түрде ақпарат беруден бас тартып отыр.