Әлем

Дүкенге шыққан 33 жастағы келіншек із-түзсіз жоғалып кеткен

© PhotoӘйелдің сұлбасы
Әйелдің сұлбасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеуде өзбектер отандастарын ұрлап әкетіп, туыстарынан ақша талап еткен

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Мәскеу полициясының мәліметінше, кісі ұрлады деген күдікпен Өзбекстанның бірнеше азаматы ұсталды. Олар өз отандастарын ұрлап әкетіп, туыстарынан 15 мыңнан 600 мың рубльге дейін ақша талап еткен, деп жазды centralasian.org. 

Мәскеудің Троицкий және Новомосковский округтерінде бір әйел және үш ер азаматты ұрлап әкеткенін полицияға олардың туыстары хабарлаған. 

Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Әлем
Венада үш жастағы ресейлік қызды ұрлап кетті - БАҚ

"24 наурызда Өзбекстанның 30 жастағы Зохиржон есімді азаматы келіп, екі күн бұрын 33 жастағы Гүлилола есімді әйелі жоғалып кеткенін хабарлады", — деді полиция бөліміндегі кезекші офицер.

Полиция мәліметі бойынша, дүкенге шыққан Гүлилола үйіне қайтып оралмаған. Үш сағаттан соң оның күйеуіне белгісіз біреулер телефонмен хабарласып, әйелін ұрлап әкеткенін айтқан, 50 мың рубльді "Сбербанк" картасына салуын талап еткен.

Дегенмен келесі күні Зохиржон кісі ұрлаушылармен келіссөздер жүргізіп, сатып алу құнын 15 мың рубльге дейін түсірген. Одан соң полиция бөлімшесіне хабар берген. Сол жерде ол туыстары дәл осыған ұқсас жағдайда жоғалып кеткен бірнеше отандасын кездестірген.

Қылмыскерлер ұрланған бір азаматты қайтару үшін 600 мың рубль талап еткен, деп хабарлады Мәскеу қаласы Бас тергеу басқармасы. Шұғыл әрекет етуші топ кісі ұрлаушыларды тез арада қолға түсірген. Олардың үшеуі Өзбекстан азаматы: 20 жастағы О.О., 24 жастағы С.А. және Д.Т., сонымен бірге 22 жастағы М. есімді Тәжікстан азаматы екені анықталды.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында ер адамды ұрып-соғып, ұрлап әкеткен

Ұрланған Өзбекстан азаматы Гүлилола Мәскеудегі Чечерск өткеліндегі пәтерлердің бірінен табылды. Қалған өзбекстандықтарды босату үшін полиция арнайы жоспар әзірлеген. Ұсталғандардан тапанша мен граната тәркіленді. Кейін қарулардың муляж екені анықталды.

Ұсталғандардың үстінен "бопсалау" және "кісі ұрлау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.


Жаңалықтар
0