Өңірлер

"Әзірет Сұлтан" мешіті үйінен айырылған отбасыға баспана сыйлады

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуСу басу
Су басу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аягөз қаласында тұратын Дүйсеновтер отбасының үйін су шайып кеткен

АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. "Әзірет Сұлтан" мешіті Аягөз қаласында тұратын Дүйсеновтер отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды мешіттің ақпараттық, рухани-ағарту порталы.

Көктемгі су тасқыны кезінде үйлерін су шайып кеткен Дүйсеновтер отбасы ойламаған жерден далада қалып, барар жер, басар тау таппай дағдарған еді. Тірі адам тіршілігін жасайды емес пе, дегенмен елмен бірге еңсе көтеріп, тағдырдың тосын тауқыметіне төзімділік таныта білген Ардақ Дүйсенов жаңа баспанаға ие болды.

Шығыс Қазақстан облысы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Аягөзде су тасқыны салдарынан 130-дан астам адам баспанасыз қалды

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Аягөз халқына арнайы акция ұйымдастырылып, жамағат жәрдемі жиналған болатын. "Көп түкірсе көл" демекші, астаналық ағайынның ақ пейілі Ардақ Дүйсеновтің уайымға толы күндерді артқа тастап, шат көңілмен өз шаңырағында еркін тыныстауына септігін тигізді.

Бұл қуанышты хабарды Дүйсеновтер отбасы үшін республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өзі жеткізіп, қоныс тойымен құттықтап қайтты. Бас мешіт жамағатының ыстық ықыласын жеткізіп, ізгі тілегін білдірді. Қуанышты оқиғаға орай жайылған ақ дастархан басында өрелі әңгіме өрбіп, жаңа баспананың берекелі һәм құтты болуын тілеген бата-тілектер айтылды.

© Photo : muslim.kz"Әзірет Сұлтан" мешіті үйінен айырылған отбасыға баспана сыйлады
Әзірет Сұлтан мешіті үйінен айырылған отбасыға баспана сыйлады - Sputnik Қазақстан
"Әзірет Сұлтан" мешіті үйінен айырылған отбасыға баспана сыйлады

Қоныс тойы қуанышын бірге бөлісуге келген Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Баяхметов те өз тілегін білдірді. Бүгінгі қуанышқа себеп болған "Әзірет Сұлтан" мешітіне өз ризашылығын жеткізіп, Наурызбай қажы Тағанұлына "Алғыс хат" табыстады. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен халыққа жамағат жылуын ұйымдастырып, арнайы көмек керуендерін белсене жөнелткен ҚМДБ өкілдіктерінің, құлшылық ордаларының еңбегін айта келіп, Бас мүфти Серікбай қажы Оразға арнаған "Алғыс хатын" табыстады.

Жаңалықтар
0