АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Қостанайда мектеп оқушысы қоштасу хатын қалдырып, өзін-өзі өлтірді.
Он жеті жасар жасөспірім №1 кешкі мектепте оқыған.
"Қоштасу хатында ол (өзін өлтіруге) махаббатта жолы болмауы себеп болғанын жазған. Оны анасы да растап отыр. Тұрмысы жақсы, толыққанды отбасы. Сабақтан себепсіз қалмаған. Егер келе алмаса, анықтама алып келіп отырған", — деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға қалалық әкімдіктің білім бөлімі.
Екі айдан кейін мектеп оқушысы 18 жасқа толатын еді.