Оқиға

Астанада 54 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдің неге мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Астанада 54 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді. Оқиға 13 қараша күні елорда көшелерінің бірінде болған.

Шырпы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жаңаөзенде ер адам үстіне бензин құйып, өз—өзін өртеп жіберген

Зардап шеккен әйел сол күні №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. 

Астана ІІД баспасөз қызметі оқиға 13 қараша күні сағат 12.00 шамасында Жамбыл көшесінде болғанын мәлімдеді. 

Қазіргі таңда ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сот-медициналық сараптама белгіленді.

Жаңалықтар
0