Өңірлер

Жаңаөзенде ер адам үстіне бензин құйып, өз—өзін өртеп жіберген

© Photo : pixabay.comШырпы
Шырпы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Өз-өзін өртеп жіберген ер адам Маңғытсау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр, деп жазады "Лада" жергілікті басылымы.

Сіріңке - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбе облысында зайыбы өлген ер адам өзін өртеп жіберді

Оқиға 15 қыркүйекте болған, бірақ БАҚ көздерінде қазір ғана жарияланып отыр. Жаңаөзен тұрғыны, куәгерлердің айтуынша, үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жіберген. Зардап шегушінің қатты күйік алып, орталық ауруханаға түсті, бес күннен соң санавиация дәрігерлерінің көмегімен облыстық ауруханаға жеткізілген.

"Ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр болатын. Мүмкін, өз-өзіне қол салмақ болған шығар, мас күйінде болды. Денесінің 55 пайызы күйіп қалған, қатты күйік мөлшері – 35 пайыз. Жасанды демалу құрылғысымен жансақтау бөлімінде күйікті емдеу төсегінде жатыр", — деп мәлімет берді МОА травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Жансерік Шаухымбердиев.

 

Қазіргі уақытта дәрігерлер ер адамның хәлі мүшкіл деп бағалап отыр. Зардап шегушіні дәрі-дәрмек көмегімен ұйықтатып қойған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың беті бері қарау үшін кем дегенде үш-төрт апта керек. Олар пациенттің бауыры мен бүйректері істен шығуы мүмкін деп те болжайды.

Жаңалықтар
0