Әлем

Флойд Мейвезерге қастандық жасалды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуКіші Флойд Мейвезер
Кіші Флойд Мейвезер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшының оққағарларының бірі аяғынан жарақат алды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Атлантада белгісіз біреу, алдын ала болжам бойынша, түнгі клубтан қонақ үйге қайтып келе жатқан америкалық боксшы Флойд Мейвезердің кортежіне оқ жаудырды.  

Илья Пьянзин - Sputnik Қазақстан
Путинге қастандық ойластырған қазақстандық өкініп, рақымшылық жасауды өтінді

Атланта полициясының өкілі Дональд Ханнаның айтуынша, оқ атқан адам автокөлікте болған, ол боксшының кортежін біраз уақытқа дейін қуған көрінеді.   

Қуғыншыдан құтылған үш көлік Грэди мемориальдық ауруханасына барған, онда аяғынан жарақат алған күзетшілердің біріне медициналық көмек көрсетілді, деп жазды, жергілікті Atlanta Patch басылымы.

Аты аталмаған зардап шегушінің жағдайы тұрақты.  

Мейвезерге қарай оқ атылған-атылмағаны белгісіз, дегенмен полиция бұл оқыс оқиға емес екенін атап өтті.

Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер өз карьерасында 50 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 


Жаңалықтар
0