АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путинге қастандық ойластырғаны үшін 2013 жылы 10 жылға сотталған Қазақстан азаматы Илья Пьянзин рақымшылық жасауды сұрады, деп жазады "Коммерсант" газеті.
Басылымның хабарлауынша, Пьянзин Путиннің өзіне өтініш жасаған екен, өйткені қастандықты президентке қарсы ойластырған. Қазақстандық хатта ойлаған ісіне өкінетінін жазады. Ол Ресей көшбасшысы туралы жаңалықтарды қалт жібермейді әрі Сириядағы саясатын қолдайды екен. Сонымен бірге, түрмедегі жалақысын Донецк және Луганск халық республикалары қабылдамаған балаларға көмек қорына бірнеше мәрте аударған.
Қастандықты қалай ойластырғанын айта отырып, ол Ресейден қашқан екі шешен досының ықпалына түсіп қалғанын мойындайды.
Газеттің хабарлауынша, өтініш Самара облысының №26 қатаң тәртіпті колониясының басшылығына мамыр айында берілген. Қазір хатты тиісті инстанцияларда қарап жатыр, бәлкім адресатқа жетпей де қалуы мүмкін.