АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының ұяшығын ашпақшы болған елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында Астанада «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының ұяшығын ашпақшы болған елорда тұрғынын ұстады. Бұған дейін ақпанда «Хизб-ут-Тахрир» идеяларын насихаттайтын үнпарақтарды таратпақ болған оның Алматыдағы жақтаушысы қолға түскен болатын.
Осы фактілер бойынша қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.