Өңірлер

Қапыда қаза болған асабаның анасы ұлын бөлесі не үшін өлтіргенін айтты

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысында танымал асабаның өліміне туған бөлесі айыпталып жатыр

АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында туған бөлесінің қолынан мерт болған жігіттің өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. Ал марқұм Абылай Шыңғысовтың туыстары бұл іске бес адамның қатысы болса да, айыпталушы орындығында біреуі ғана отыр дейді. Олар қазір басқаларының бостандықта жүргеніне наразы, деп хабарлайды КТК.

Жол апаты болған жер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте 58 жастағы жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді

Қайғылы жағдай өткен жылдың желтоқсан айында Красивое ауылындағы үйде болған. Қазір ол үйде ешкім тұрмайды. Өңірде асабалық өнерімен танылған Абылай Шыңғысовты дәл 30-ға толған  туған күнінде өз үйінде өлтіріп кеткен. Таңға жуық шырт ұйқыда жатқан отбасының шырқын бұзған оның туған бөлесі екен. Сол түнде  жиеніңмін деген соң, нағашы апасы Зәуреш еш жамандық ойламай есікті ашыпты. Оның айтуынша, қолдарында темір сүймен, ағаш ұстаған 4 жігіт кіріп келіп, ұйқыда жатқан ұлын ұра бастаған.

"Бізді жібермей, екеумізді қайта-қайта есік алдына лақтырып тастайды. Өлтірді, өлтірді деп айғайлап жатырмын. Балалар бәрі шыңғырып жылап жатыр. Біреуі ғана отыр мойнына алған. Төртеуі бірдей үйге кірді. Ұрып, сүйрелеп алып шықты", — дейді марқұмның анасы Зәуреш Шыңғысова.

Сол күні Абылай достарымен туған күнін атап өткен. Анасының айтуынша, үйге масаң күйде оралыпты. Сол күні бөлелердің арасында бір-бірін араққа жұмсап, сол үшін  кикілжің болғанын кейін естіген. Бірақ түкке тұрғысыз дүниеге бола 2 бөлесінің жігіттермен келіп адам өлтіруі миға сыймайды,-дейді анасы. Қазір отбасы бостандықта жүргендерден қорқып әрі қанды қылмыстың куәгері болғандықтан үйді тастап кеткен. 

"Екі бала міне, кішкентай көріп тұрсыздар. Солар үшін қорқып,қашып кетуді ойладық. Қазір Қостанайда туыстардың үйін жағалап жүрміз. Өйткені үйіміз жоқ басымызда", — дейді марқұмның әйелі Ақбота Мырзахметова.

Марқұмның туыстарының ашуын келтіріп отырғаны да осы жағдай ғой. Негізі, Абылайды сыртта қалып қойған бесінші адам, яғни жаңағы бөлесі өлтірген көрінеді. Ал қалған төртеудің үшеуі жеңілдеу бап бойынша тергеліп жатыр екен.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында жұмыссыз жігіт ерлі-зайыпты зейнеткерлерді аяусыз өлтіріп кеткен

"Қазіргі уақытта ол 3 күдіктіге қатысты "Тұрғын-жайға адамның еркінен тыс басып кіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір  қолхатпен бостандықта жүр", — деп түсіндірді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Ал Красивоедегі қанды оқиғаны топтасып кісі өлтіру деп санайтын жәбірленуші тарап бүгін прокуратурадан істің қайта тергелуін талап етті. Олар әділдікке жетпей қоймаймыз дейді. Айта кетейін, бостандықта жүрген төртеудің де біреуі марқұмның бөлесі екен.


Жаңалықтар
0