Өңірлер

Алматыда сауда орталығынан өрт шықты

© SputnikӨрт сөндіру көлігі
Өрт сөндіру көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ТЖД мәліметіне сүйенсек, бірінші қабаттағы дәліздегі электр желісінде қысқаша тұйықталу болып, тұтанып кеткен

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Алматыда сауда және ойын-сауық орталығынан өрт шығып, ғимараттан 60 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар, деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

MART СОО - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайдағы ойын-сауық орталығынан өрт шықты, зардап шеккен адам бар

"14.34-те Алматы ТЖД "101" нөміріне Алатау ауданы Рысқұлов даңғылы, 143 "В" мекенжайында орналасқан "Домиллион" сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Алғашқы өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына сегіз минутта жетіпті. Анықталғандай, бірінші қабатта дәліздегі электр желісінде қысқаша тұйықталу болып, артынша тұтанған екен. Салдарынан 0,2 шаршы метр жер өртеніпті", — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, қазір Қазақстанда Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін сауда орталықтарында жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп жатыр. Апта бойы тексерілген 75 нысанда да өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған.

Жаңалықтар
0