АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, жел, шаңды дауыл болады, түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Алматы облысының кей жерінде найзағай, бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі.
Маңғыстау облысында тұман, Атырау облысында желдің күшеюі болжанып отыр.