Өңірлер

Еліміздің барлық дерлік облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Макс Ветров / Медиабанкке өтужел, архив суреті
жел, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірқатар облыста ауа температурасының жоғарылап, жауын-шашынның түсуіне байланысты өзендерде су деңгейі көтеріліп, арнасынан шығады

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Қазгидромет еліміздің он бір облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

9-13 сәуірде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы өзендерде ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашынға байланысты қар қарқынды еріп, су деңгейі көтеріледі және су арнасынан шығады. 

үсік жүреді - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің оңтүстігінде үсік жүреді

"9-13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде жылы ауа температурасының сақталуы мен жауын-шашынға байланысты ағынның ары қарай қалыптасуы, мұз кептелістері, су деңгейінің көтерілуі, судың жайылуы және су басу болжанып отыр. 9-11 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарындағы өзендерде және Алматы қаласында жаңбыр жауып, кей жерлерде ағын су қалыптасып, су деңгейі көтеріледі және су басады",  — делінген хабарламада. 

8-9 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады, сондай-ақ тұман түседі. 

8 сәуірде Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді, кей жерлерде тұман болжанады.

Орал қаласында 8 сәуірде күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. 


Жаңалықтар
0