Қоғам

Мәскеуде қазақстандық әйел сәбиін сатпақ болды

© PhotoБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам Желіде хабарландыру жариялап, ұлының құнын 20 мың АҚШ долларына бағалаған

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Қазақстандық әйел жасқа толмаған баласын Мәскеуде сатып жібермек болған, деп хабарлайды Ресейдің Тергеу комитеті.

Архивное фото женщины и новорожденного - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан әйел жаңа туған сәбиін сатпақ болған

Желтоқсан айында Алматыда тұратын 33 жастағы әйел Желіге 2017 жылғы ұлын асырап алатын ата-ана іздеп жүргені туралы жазыпты. Материалдық өтемақы ретінде 20 мың АҚШ долларын сұраған екен. 

Бейсенбі күні 5 сәуірде әйел баласын алып, Мәскеуге барады. Сәбиді сатып алушылар рөлін жедел қызмет өкілдері атқарған. Әйел баладан бас тартатынын жазып беріп, ақшасын алу үшін мәскеулік банкке аттанады. Сол жерде тәртіп сақшыларының қолына түскен.

"Тергеу барысында баланың әкесі кім екенін анықтап, жауап алу үшін Қазақстаннан құқықтық көмек сұралмақ", — делінген хабарламада. 

Сәби қазір балалар үйінде, өйткені Ресейде ешбір туысы жоқ.

Жаңалықтар
0