Оқиға

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан әйел жаңа туған сәбиін сатпақ болған

© AFP 2024 / Orlando SierraАрхивное фото женщины и новорожденного
Архивное фото женщины и новорожденного - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы полицейлері жаңа туған сәбиін сатып жібермек болған әйелді ақшасын алып жатқан жерінде ұстады

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Алматы полициясы жаңа туған сәбиін сатып жібермек болған 22 жастағы үш баланың анасын ұстады, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Қызылорда облысының 22 жастағы тумасы босанар алдында сәбиіне ата-ана іздеумен белсенді түрде айналысқан. Полицейлердің айтуынша, әйел әуел бастан баласын сатып, ақша таппақ болған. 

"Келіп түскен ақпаратты жіті тексеріліп, ол расталды. Екі баланың анасы болашақ сәбиін сатуға белін бекем буған. Құны – екі мың доллар. Ақшаның бір бөлігін әйел босанғанша алған, қалғанын  баласын болашақ ата-анасына тапсыру кезінде алмақ болады", – дейді Алматы қаласы ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ерлан Оралбеков.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, салмағы 4 келі бала аман-есен дүниеге келген. 

"Әйелдер арасындағы қылмыстық келісім Сейфуллин көшесіндегі үйлердің бірінде жалдамалы пәтерде жасалды. Күдікті ақшаны алу кезінде қолға түсті", — дейді Оралбеков. 

Полиция мәліметі бойынша нәрестесін сатпақ болған әйел тұрмыста, кішкентай екі баласы бар. Әйелдің тұрақты жұмысы жоқ, жезөкшелікпен айналысқан. 

"Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Істі ІІД тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Тиісті бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сәби балалар үйіне берілді", — деді Оралбеков.

 

 

Жаңалықтар
0