Қоғам

Кемероводағы өрт. Назарбаев мега-жобаларға қатысты талап қойды

© МЧС РФ / Медиабанкке өтуКемероводағы өрт
Кемероводағы өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда орталығында өрт шығып, 64 адам көз жұмған еді

АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кемероводағы алапат өрт қазақстандықтарға сабақ болуы тиіс екендігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ескі үй - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент Астанада 20 жыл бойы сүрілмей отырған ескі үйді көрсетті

"Кемероводағы оқиғадан бәріміз бір қорытынды шығаруымыз керек.  Қазір менің тапсырмам бойынша айнала түгел тексеріліп жатыр. Барлық жерде тексеріс жүргізілуі тиіс. Тапа-тал түсте қаншама адам, бала қаза тапты, сұмдық. Қазір қарап отырмын, барлық кәсіпкер өздерінде бәрі жақсы екенін дәлелдей бастады. Бірақ тексерістермен жұмысты жолға қою қажет, әсіресе барлық MEGA-да. Неге балалар алаңдарын төменде емес, жоғары қабатқа салады? Сауда орындарын жоғары қабаттан ашуға болады. Ал балалар алаңы төменгі қабаттарда болуы керек. Болашақта құрылыс кезінде мега-жобалар бойынша осындай талап қою керек", — деп тапсырды Елбасы Астанада өткен кеңесте.

Еске салып өтсек, Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда үйіндегі өрт 25 наурыз күні шықты. Алапат өрттен 64 адам көз жұмды, оның ішінде 41 бала бар.  Зардап шеккендер саны 70-тен асты.

Жаңалықтар
0