Қоғам

Президент Астанада 20 жыл бойы сүрілмей отырған ескі үйді көрсетті

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЕскі үй
Ескі үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада Елбасының төрағалығымен өткен кеңесте елордадағы ескі үйлерді сүру мәселесі қозғалды

АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ескі үйлерді сүру кезінде иелері тым жоғары баға сұрайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: алматылықтар бізге "колхозниктер" секілді қараған

Астананы одан әрі дамытуға арналған кеңес барысында президент слайдтан елордадағы ескі апатты үйлерді көрсетті.

"Қара, дәл қаланың ішінде. Мен де әр өткен сайын қарап өтемін. Мүмкін проблемалар бар шығар. Біз күнде Қабанбай батыр даңғылымен көпірге жақын өтеміз, мына үй 20 жыл бұрын тұр еді, әлі тұр. Ешкім оны сүріп тастай алмайды. Бұл не сонда.. ЭКСПО ауданында – саяжай массиві. Әрине, шешілмей жатқан мәселелер бар, бағаны көтеретін шығар бәлкім", — деді Елбасы.

 "Елорданың өз заңы болуы керек. Бәрі жазылған. Астанадағы мәселелерді шешу үшін нысандарды қалдық құн бойынша сүру қажет. Әр жері қирап жатқан ескі үйлер үшін көп ақша сұрап, пайда тапқысы келеді", — деп сынға алды үй иелерін Назарбаев.

Жаңалықтар
0