Қоғам

Исекешев Астана халқын қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

© SputnikТұрғын үй
Тұрғын үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"7-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасы аясында өңірлік қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik.  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Астананы дамыту мәселелері жөніндегі отырыста елорда әкімі Әсет Исекешев алдағы жылдары тұрғын үй бағдарламалары қалай іске асырылатынын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: Астанаға қарап таңғаламын

Астана әкімі 2017 жылы Астанада рекордтық көлемдегі 2 миллион 360 мың шаршы метр тұрғын үй салынғанын айтты. Бұл республикада салынған баспананың 25 пайызы екен.

"Коммерциялық құрылыс кәсіпорындарының есебінен салынатын тұрғын үй бойынша елорданың бас жоспарын талқылағанда айттық. Төрт аймақ анықталды, сонымен бірге астананың ескі бөлігін қайта жаңғырту бағдарламасы іске асырылады. Бұл жерде қосымша 17 миллион шаршы метрден астам үй салуға мүмкіндік бар. Сіздің тапсырмаңыз бойынша физикалық және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысын ескере отырып, үкіметпен бірге қаланы дамытудың бес жылдық бағдарламасын әзірлейміз", — деп баяндады Исекешев мемлекет басшысына. 

Бұдан бөлек, 30 сәуірге дейін халықаралық конкурстың нәтижесі бойынша халқы екі миллионға дейінгі қаланы дамыту жоспарының 5 нұсқасы іріктелініп алынбақ. Конкурсқа Ұлыбритания, Канада, Сингапур мен Ресейдің ірі консорциумдары қатысып жатыр. 

"7-20-25" бағдарламасы көптеген тұрғынға баспана алуға қосымша мүмкіндік береді. "Нұрлы жер" бағдарламасының, сондай-ақ бес әлеуметтік бастама аясында біз қазір өңірлік қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатырмыз", — деді әкім.

Жаңалықтар
0