Қоғам

Назарбаев: Астанаға қарап таңғаламын

© REUTERS / Shamil ZhumatovАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада Астананы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде президенттің қатысуымен кеңейтілген отырыс басталды

АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада қаланы одан әрі дамыту мәселелері талқылануда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Елбасы қазіргі Астананың қалай тұрғызылғанын еске алды.

Астананың келбеті, Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Астананың мерейтойы туралы: қонақтарға қаланың әсемдігін көрсету қажет

"Біз ен далаға, бұрынғы Ақмола қаласына келген едік. Төңірегінің бәрі қандай болғанын білеміз. Ми дала, еш нәрсе жоқ. Қазір қала көшелерімен келе жатқанда, елорданың осындай болғанына таңғаламын. Біз ата-бабаның арманын орындап, Сарыарқаның төрінде Астананы салып, көркейтіп, елді де қуантатын, көршілерімізді де таңғалдыратын шаһарға айналдырдық. Қысқаша айтқанда, осының өзі қыруар еңбек. Күндіз-түні аязда, боранда тынбай, жұмыс істеген құрылысшылар, монтажшылар, қаланың ішін өңдеген адамдардың еңбегі, біздің де еңбегіміз бар. Сондықтан бүгін елорданың 20 жылдығын қалай өткіземіз деген мәселемен жиналып отырмыз", — деді президент. 

Назарбаев Астана қысқа уақыт ішінде миллион халқы бар мегаполиске, тиісті инрақұрылымы бар, ірі халықаралық оқиғалар өтетін шаһарға айналғанын атап өтті. 

"Танымал америкалық журналист Ларри Кингтің мына бір сөзі есімде қалыпьы. Ол Астанаға бір келгенінде былай деген еді: "тарихқа қарасақ, елдер қаланы жаулап алып жатса, ал Қазақстан салып жатыр". Менің ойымша, бұл сөздерде бәрі айтылған. Біз өзіміз тұрғызған қалаға қарап мақтанамыз, қуанамыз. Бұл халқымыздың, қазақстандықтардың, қаланың әр кірпішін қалаған жандардың жеңісі. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, оддан әрі қаланы дамыту жолында жұмыс істейміз", — деді Елбасы.

Жаңалықтар
0