Өңірлер

Көкшетауда әйел күйеуін бейтаныс қызбен өлі күйінде тауып алды

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтужедел жәрдем, архив
жедел жәрдем, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына жеткен полиция қыздың кім екенін анықтады

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Гаражда тұрған көліктен ер адам мен жас қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

жұдырық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Лисаковскіде төбелесіп жатқандарды ажыратпақшы болған ер адам қаза болды

3 сәуірде Көкшетау қаласы ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының арнайы желісіне сағат 21:13-те әйел қоңырау шалып, үйдің ауласындағы металл гараждың ішінде тұрған көліктен 34 жастағы күйеуі мен бейтаныс қыздың мәйітін тауып алғанын хабарлайды.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 1992 жылы туған қыздың кім екенін анықтаған. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ екі адамның денесі мәйітханаға жіберіліп, сараптамалар белгіленді. 

Полицияның хабарлауынша, олар газдан уланып өлуі мүмкін. 

 

Жаңалықтар
0