АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Лисаковск қаласында төбелесіп жатқандарды ажыратпақшы болған 37 жастағы ер адам өзі қаза болды, деп хабарлайды өңірлік "Акцент" сайты.
Төбелес қаладағы дәмханалардың бірінің жанында болған. Екі жігіттің бірінің досы оларды ажыратпақшы болады. Бірақ ол қатты соққы алып, естінен танып қалады. Ауруханаға жеткізілген 37 жастағы ер адам операциядан кейін есін жимастан көз жұмды.
Күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.