Қоғам

Екі облыста мароккалық шегіртке қаптауы мүмкін

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуШегірткенің архивтегі фотосы
Шегірткенің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикалық бюджеттен өсімдіктерді қорғау шараларына 2,5 миллиард теңге бөлінді

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанның оңтүстік облыстарында мароккалық шегіртке жаппай таралуы мүмкін. Сондықтан бұл аймақтарда зиянкестерге қарсы 640 мың га жерді өңдеу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Солтүстік Қазақстандағы су тасқынының салдары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ішкі істер министрі бес облыста жағдай мәз емес екенін ескертті

"Биыл зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің 5 миллион 100 мың гектарға, оның ішінде, 1 миллион 920 мың гектарға үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің, 400 мың гектарға астық дақылдары ауруларының және 44 мың гектарға саяқ шегіртке тектестердің таралуы болжанып отыр. Өсімдіктерді қорғау шараларын жүргізуге республикалық бюджеттен 2 миллиард 500 миллион теңге бөлінді. Пестицидтерді сатып алу конкурсы аяқталды. Үйірлі шегіртке тектестерге қарсы 540 дана бүріккіш техника жұмылдырылады", — деді вице-министр үкімет отырысында.

Оның ақпаратынша, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары бойынша аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу бойынша жеткізушілер айқындалған. Ал қалған өңірлер бойынша конкурс рәсімдері жалғасып жатыр. 

"Осы жылы Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында марокколық шегіртке жаппай таралуы мүмкін. Осы өңірлерде марокколық шегірткеге қарсы 640 мың гектарды өңдеу жоспарланып отыр. Облыс әкімдіктеріне жедел штаб құруды ұсынамыз. Саяқ шегіртке тектестерге баса назар аудару қажет. Биыл жергілікті атқарушы органдар 408 мың гектар жерді өңдеуге 317 миллион теңге бөлді", — деді министрдің бірінші орынбасары.

ШҚО Зырян ауданындағы Зубовск тұрғындарын көшіру - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сағынтаев ШҚО-ға көмек ретінде қосымша ақша бөлуді тапсырды

Евниев кейбір әкімдіктер бұл мақсатқа қаражат көздемегенін атап өтті. 

"Мәселен, Қарағанды облысының әкімдігі 15 миллион 600 мың теңге бөлген. Бұл 33 мың гектар жердің тек 24 пайызын өңдеуге мүмкіндік береді", — деді вице-министр.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай, Ресей, Өзбекстанмен шекаралас аймақтардан үйірлі шегіртке тектестердің ұшып келуінің алдын алу үшін ынтымақтастық туралы келісім жасасқан. Ресеймен бірлескен іс-шаралар жоспары келісілген.


Жаңалықтар
0