Қоғам

Ішкі істер министрі бес облыста жағдай мәз емес екенін ескертті

© Sputnik / Елена БережнаяСолтүстік Қазақстандағы су тасқынының салдары
Солтүстік Қазақстандағы су тасқынының салдары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикада 50 елді мекенде 1500-ден аса үй су астында қалған, 3800-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысынан басқа тағы бес облыс су тасқынына дайын болуы керек. Аталған облыстарда жағдай көңіл көншітпейді. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тлшісі. 

ШҚО Зырян ауданындағы Зубовск тұрғындарын көшіру - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сағынтаев ШҚО-ға көмек ретінде қосымша ақша бөлуді тапсырды

Министрдің ақпаратынша, республика бойынша барлығы 50 елдi мекенде 1500-ден аса үйдi су басқан, 3800-ден аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Судың тасу себебi – ауа райының күрт жылынып, жауын-шашынның нормадан 3 есе көп түсуi. Қабылданған шаралар арқасында 1100-ден аса үй судан босатылып, 2700-ден астам адам үйлерiне қайтып оралған.

"Қазiргi таңда Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарында да жағдай күрделі. Осы өңiрлерде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Осыған орай, жергiлiктi атқарушы органдар кез келген жедел шаралар қабылдауға дайын болу керек", — деп ескертті Қасымов.

Министр Шығыс Қазақстан облысында да жағдай қиын екенін, қазіргі таңда онда 396 үй мен 185 аула су астында қалғанын атап өтті.

Сонымен қатар, министр төтенше жағдай қызметтерін техникалық жабдықтау мәселесіне тоқталды.

Су басу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы мен еліміздің 11 облысында су басу қаупі төніп тұр

"Бақытжан Әбдiрұлы, сiздiң тапсырмаңызбен кеше Асқар Ұзақбайұлының (Мамин – премьер-министрдің бірінші орынбасары) төрағалығымен азаматтық қорғау бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық жабдықталуы мәселелерi туралы кеңес өттi. Негiзi бұл мәселе бiраз жылдан берi қаржының аздығынан шешiлмей келе жатыр. Бүгiнде құтқару қызметтерiн техникалық қамтамасыз ету 30 пайыздан аспайды. Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласы бюджеттерiнен аталған бағытқа қаражат өте аз бөлiндi. Дәл осы кезеңде бiзге 4 миллиард теңгеден астам қаржы керек. Осыған қатысты тиiстi есептер мен негiздемелер дайындаймыз", — дедi Қасымов.

Министр Шығыс Қазақстан облысында да жағдай қиын екенін, қазіргі таңда онда 396 үй мен 185 аула су астында қалғанын атап өтті.

Жаңалықтар
0