Өңірлер

Алматы мен еліміздің 11 облысында су басу қаупі төніп тұр

© Sputnik / Сергей Паршуков / Медиабанкке өтуСу басу
Су басу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын түседі, мұның салдары су басу қаупін ұлғайтады

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Алматы қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет".

қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

1-6 сәуірде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында еріген қар суының молаюына байланысты әрі жауын-шашын түсуі мен ауа температурасының көтерілуі салдарынан мұз еріп, су деңгейі көтеріліп, су басуы ықтимал.

2-6 сәуірде Қызыордағ Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласында күн жылынуы мен жауын-шашын түсуіне орай су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін. 

3-4 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының жылынуы салдарынан еріген қар суы молайып, су деңгейі көтерілуіне байланысты, өзен аңғарларында су басуы болуы ықтимал. 

3-4 сәуірде Павлодар облысында күн жылынуы мен қар еруіне байланысты әрі Шүлбі су қоймасынан су ағызу көлемі ұлғаюы салдарынан өзендерде су деңгейі көтеріліп, маңындағы елді мекендерде су басуы мүмкін.

2-4 сәуірде Қарағанды облысында күн жылынуы салдарынан еріген қар суы молайып, өзендердегі су деңгейі ұлғайып, маңындағы елді мекендерді су басу қаупі туындайды.

2-4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында күн жылынуынан өзендерде су ағыны ұлғайып, деңгейінің көтерілуіне байланысты су басуы мүмкін.

Жаңалықтар
0