Спорт

Санчес: Головкиннің "Канеломен" жекпе-жегін әлдеқашан тоқтату керек еді

© AP Photo / Damian DovarganesГеннадий Головкин мен Абель Санчес
Геннадий Головкин мен Абель Санчес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкиннің бапкерінің айтуынша, шәкірті қалай болған күннің өзінде Лас-Вегаста 5 мамырда жұдырықтасады

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. WBA Super, WBC, IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі әлдеқашан, мексикалық допингпен ұсталған бойда тоқтатылуы тиіс болғанын мәлімдеді, деп жазды sports.kz.  

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
WBC президенті Головкин – Альварес реваншы туралы маңызды мәлімдеме жасады

"Канеломен" жекпе-жек соңғы сәттерде ғана емес, әлдеқашан тоқтатылуы керек еді. Бірнеше апта бұрын, допинг туралы белгілі болған бойда шара қолданылуы тиіс болатын. Егер шешім соңғы сәтте қабылданса, тыңдаудың қорытындысы Альварестің пайдасына шешілген күннің өзінде көптеген проблема туғызады. Меніңше, Саулдің әрекеті – балалық. Тамағының құрамын тексермейтін неғылған жан? Геннадий бірдеңе шығып қалмасын деп, тіпті дәрумен ішпейді. Тыңдаудан кейін  Головкиннің жаңа қарсылас іздеуге екі-ақ апта уақыты болады. Сондай-ақ ол жекпе-жекті жарнамалауға уақыт тапшы болатыны түсінікті. Алайда  Геннадий қалай болған күннің өзінде Лас-Вегаста 5 мамырда жұдырықтасады. Кіммен? Оны ешкім білмейді, дегенмен оның промоутерінің "Б" жоспары бар", — деп Санчестің сөзінен үзінді келтірді RingPolska ресурсы.  

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкиннің командасы "Канелоны" басқа бір мексикалықпен алмастыратын болды

Естеріңізге салайық, Альварестің екі допинг сынамасынан (17 және 20 ақпандағы) кленбутерол препараты табылған болатын. Оның ісіне қатысты шешімді 18 сәуір күні  Невада штатының атлетикалық комиссиясы шығарады. Алдын ала болжам бойынша, боксшы 6-12 айға спорттан шеттетіліп, айыппұл төлеуі мүмкін.  


Жаңалықтар
0