Спорт

WBC президенті Головкин – Альварес реваншы туралы маңызды мәлімдеме жасады

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маурисио Сулейманның пікірінше, Головкин — Канело жекпе-жегі өтпейді

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) командасы мексикалық Канело Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өтпейтіні анық болғандықтан 5 мамырдағы жекпе-жекке жаңа қарсылас іздеуге біржолата кірісуі мүмкін. Оған Дүниежүзілік бокс кеңесінің  (WBC) президенті Маурисио Сулейман сенімді, деп жазды sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкиннің командасы "Канелоны" басқа бір мексикалықпен алмастыратын болды

 "Менің пікірім: ендігі жекпе-жек (Головкин — Канело) өтпейді. Невададағы тыңдалым (Альварестің ісіне қатысты) 18 сәуірге ауыстырылды. Кездесу 5 мамырда қалай өтетінін елестету қиын", — деп Сулейманның сөзінен үзінді келтірді ESPN Deportes.   

Естеріңізге салайық, Альварестің екі допинг сынамасынан (17 және 20 ақпандағы) кленбутерол препараты табылған болатын. Оның ісіне қатысты шешімді 18 сәуір күні  Невада штатының атлетикалық комиссиясы шығарады. Алдын ала болжам бойынша, боксшы 6-12 айға спорттан шеттетіліп, айыппұл төлеуі мүмкін.  


Жаңалықтар
0