Қоғам

Министр елімізде апатты мектептер саны азаймай отырғанын айтты

© Sputnik / Олег ПономаревЕскі мектеп
Ескі мектеп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда Қазақстана 45 апатты және 127 үш ауысымды мектеп бар екен

АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев республикада апатты мектептерді жою көрсеткіші орындалмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сынып - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда мектеп төбесінің құлауына кім кінәлі?

"Бағдарламадағы апатты және үш ауысымды мектептерді жою бойынша көрсеткіш орындалмай отыр. Қазіргі уақытта республикада 45 апатты мектеп және үш ауысымдағы 127 мектеп бар. Мұның басты себебі халық санының өсуі және урбанизация. 2017 жылы 118 мектептің құрылысына Ұлттық қордан 68 млрд теңге бөлінді, 73 мектеп пайдалануға берілді. Қалған 45 мектеп биыл іске қосылады", — деді министр.

Сағадиев аталған проблеманы шешу үшін мектеп құрылысына жекеменшік бизнесті тарту маңызды рөл ойнайтынын атап өтті. 

"Бүгінгі таңда жан басына қаржыландыру нормативі қабылданды. Енді жекеменшік мектептерді дамытуға барлық жағдай жасалған",-деді ол.

Айта кетсек, бүгін үкімет отырысында білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2017 жылғы іске асыру қорытындысы тыңдалды.

Министрдің ақпаратынша, былтыр аталған бағдарламаға 445 миллиард теңге бөлінген, қаражаттың 99,8 пайызы игерілген.

Жаңалықтар
0