Өңірлер

Шығыс Қазақстанда мектеп төбесінің құлауына кім кінәлі?

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСынып
Сынып - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Усть-Таловка ауылындағы мектеп төбесінің құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалмаған, зардап шеккен балалар аман-есен

АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Оқиға 17 қарашада болған. Ауыл мектебінің төбесі опырылып түсуі салдарынан үш үшінші сынып оқушысы ауыр зардап шекті. Ер бала мен екі қызды жансақтау бөліміне жатқызған.

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Таразда мектеп жанынан төртінші сынып оқушысының мәйіті табылды

Жақында қыздар ауруханадан шықты, дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары жақсы, сабаққа кірісуге дайын, деп хабарлады КТК.

Дегенмен, дәрігерлер балалардың басына ауыртпалық түспеуі тиіс деп отыр. Денсаулықтарына қауіп төнбегенімен, ми жарақатынан айығуға уақыт керек екен. Ең ауыр соққы алған ер баланың ақыл-есіне алаңдаған ата-анасы оны Ресейдегі Новосібір қаласына әрі қарай емдеуге алып кетті. 

Ал тура сабақ үстінде төбесі опырылған мектепте қызу тексеріс жүріп жатыр. Соның нәтижесінде, сыныпты жөндеу, не сылау мәселесі шешіледі. Ал әзірге қираған сынып жабылып, оқушылар ғимараттың басқа бөлігіне көшіріліпті. Таршылыққа тап болған оқушылар енді екі ауысыммен оқып жатыр. Ал болған жайтқа қатысты мектеп басшылығы да, жергілікті билік өкілдері де жауапқа тартылмайтын болды. Осылай деген шенеуніктер оқушылардың ата-анасына дәрі-дәрмекке кеткен ақшаны ғана өтеп беруді шешіпті.

"Балалардың емделуіне кеткен қаражаттың барлығы мемлекеттік бюджеттен материалдық көмек ретінде өтелетін болады", — дейді Шемонаихин ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Молдаханов.

Жаңалықтар
0