Қоғам

Полиция марқұм Геннадий Бендицкийдің пәтерінде де тінту жүргізді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЖурналист Геннадий Бендицкий, архивтегі фото
Журналист Геннадий Бендицкий, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ratel.kz порталы мен Forbes Kazakhstan журналының редакцияларында полиция қызметкерлері тінту жүргізіп жатыр. Құжаттар мен компьютерлер тәркіленді

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Марқұм болған журналист, Ratel.kz порталының негізін қалаушылардың бірі Геннадий Бендицкийдің пәтерінде тінту жүргізілді. Бұл туралы Бендицкийдің жесірі Анна Устинова Facebook-тегі парақшасында хабарлады.  

ҚР парламенті сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дариға Назарбаева редакциялардағы тінту туралы: анық-қанығын білу керек

"Біздің пәтерімізді де тінтіп шықты… Компьютерлерді тәркіледі, балалардікін де қалдырған жоқ", — деп жазды Устинова.

Полиция қызметкерлері бүгін Ratel.kz және Forbes Kazakhstan редакцияларында тінту жүргізді.

Журналист Вадим Борейконың ақпаратынша, Ratel.kz редакциясында  құжаттар мен компьютерлер тәркіленген. Сонымен қатар, порталдың бас редакторы Марат Асипов, орынбасары Сапа Мекебаев және шолушы Анна Калашникова ұсталғаны мәлім болды. Forbes Kazakhstan редакциясында бас редактордың орынбасары Александр Воротилов ұсталды. Полиция әзірге болған оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.  


Жаңалықтар
0