Қоғам

Алматы тұрғындары Қытайдағы жер сілкінісін сезді

© Sputnik / Игорь Носов / Медиабанкке өтусейсмограф
сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 400 шақырым қашықтықта болған

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Алматы тұрғындары Қытайда болған жер сілкінісінің дүмпулерін сезді. 

сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдан 500 шақырымдай жерде жер сілкінді

"Сейсмикалық станциялар желісі бүгін Алматы уақытымен 10:36-да жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 387 шақырым жерде болған", — делінген ҚР БҒМ СТӘЭ сайтында. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.6, магнитудасы MPV 4.0, тереңдігі 15 шақырым. 

Соңғы рет жерасты дүмпулері Алматыда 26 наурызда сезілген еді. Ол кезде жер сілкінісінің эпицентрі Қапшағай су қоймасына жақын, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 68 шақырым жерде және бес шақырым тереңдікте болды. Магнитудасы 5,5 құрады. Қалада үш-төрт балдық жерасты дүмпулері сезілді. 

Ал мұның алдындағы екі-үш балдық жер сілкінісі 2 ақпанда тіркелді.

Жаңалықтар
0