АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 459 километр жерде Қытай аумағында жер сілкінісі болды.
Сейсмологтар 11 наурыз сағат 00.19 кезінде жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің энергетикалық күші — 10.6, магнитудасы — MPV 4.6.
Зілзаланың ошағы 5 километр тереңдікте болған. Жерасты дүмпулерінің әсері туралы ақпарат жоқ.