Әлем

Жасырын тоқал алған ерлер абақтыға жабылады

© Sputnik / Александр КнязевИран, иран әйелдері, архив
Иран, иран әйелдері, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ал отбасы барын біле тұра әйел үстіне әйел болуға келісімін бергендерге айыппұл салынады

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Мысыр парламенті азаматтық кодекс жобасына енгізілген, жасырын тоқал алғандарды бас бостандығынан айыратын жаза қарастырылған түзетуді талқылап жатыр. 

Көшпенділер ойындарындағы қыздар, архив - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тоқал алатындардың некесін қиған имамдар жауапкершілікке тартылады

Мысыр парламентінің депутаты Сулаф Дәруіш аталмыш заң жобасы отбасы құндылықтары мен балалар құқығын қорғау үшін қолға алынып отырғандығын жеткізді. Егер бұл заң жобасы қабылданар болса, бәйбішесіне айтпай тоқал алған ер-азаматтар алты айға абақтыға жабылады. 

"Сондай-ақ, отбасы барын біле тұра әйел үстіне әйел болуға келісімін бергендер де жауапкершіліктен жалтара алмайды: айыппұл салынады. Мынаны ескерте кеткіміз келеді: бұл елде де араб елдеріндегіндей тоқал алу заңдастырылған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, бірнеше әйелі бар отбасылы мысырлық ер-азаматтардың қарасы төрт пайыз құрайды",- деп жазады islam.kz.

Көбіне тоқал болуға жесір қалған немесе бұрынғы күйеуімен дәм-тұзы жараспай ажырасқан әйелдер келісімін береді. Қолданыстағы заң бойынша бәйбішесінің тоқал алуға келісімі керек емес, алайда, күйеуі оған тоқал алатынын хабарлауға міндетті.


Жаңалықтар
0