Экономика

Енді интернет арқылы алынған тауарлар Қытайдан 10 күнде жетеді

© AP Photo / Wilfredo LeeИнтернет дүкен
Интернет дүкен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада "Жас Отан" жастар қанатының IV съезі басталды

АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов енді Қытайдан алынған сәлемдемелер қазақстандықтарға он күн ішінде жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін "Жас Отан" жастар қанатының IV съезінде "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында пошта саласында жүзеге асып жатқан жаңашылдықтардан хабардар етті.

Ұлттық өнімдер - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстандық тауарлар Хайнань аралында сатылатын болды

Оның айтуынша, жақын арада интернет-дүкен арқылы тапсырыс берген халықаралық сәлемдемелер қазіргідей айлап емес, нәбары он күннің ішінде келеді. Осылайша қазақстандықтар AliExpress, Amazon секілді сайттардан сатып алған тауарларын он күн ішінде алады. 

"Бұрын Қазақстан ішінде сәлемдемелеріміз айлап жолда жүретін. Былтыр біз жеткізу мерзімін 15 күннен 6 күнге дейін қысқарттық. Осы жылдың соңына дейін әр қалаға сәлемдеме жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтамыз. Ал AliExpress, Amazon сайттарынан сатып алынған халықаралық сәлемдемелер он күн ішінде келетін болады. Әрине, бұл үшін авиабағдарларды да тартамыз, өйткені бұл қазіргі заманда өте маңызды. Себебі қазір ешкім тауарды ұзақ күтіп отырмайды", — деді Сәрсенов. 

Басқарма төрағасы биыл жазда Елбасына "Робопост"кеңсесі таныстырылатынын атап өтті.  

"Маусым айының соңында ЭКСПО аумағында Мемлекет басшысына "Робопост" жобасы таныстырылады. Жобаны ақпарат және коммуникациялар министрлігі, "Зерде" холдингі бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Интернет дүкеннен жейдеге тапсырыс берсеңіз, 3D принтер сізге киімді басып шығарып береді. Сондай-ақ 3D киім өлшейтін айна да бар. Үстіңіздегі киімді шешіп, әуре болмайсыз. Айнаға қарасаңыз болды, ол сіздің дене өлшеміңізді автоматты түрде алып, интернет дүкенге жолдайды. Мұның бәрі қазір бір қиял-ғажайып дүние сияқты көрінеді. Бір жыл бұрын біз дрондарды іске қосқанда, барлығы "фантастика" сияқты қабылдаған. Бірақ қазір бүкіл әлемде осылай жұмыс істеп жатыр", — деді Сәрсенов. 

Ол бүгінгі таңда электронды коммерцияның ең үлкен нарығы – АҚШ, Қытай және Еуропа екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0