АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Қытайдың халықаралық сауданы дамытуға ықпал ету комитетінің Хайнань бөлімі мен ҚР сыртқы сауда палатасы, Қазақстан мен Хайнань провинциясы бизнесмендері ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Хайнань провинциясы күндерін атап өту құрметіне өткізілген конференцияда сауда ынтымақтастығы бойынша меморандумдарға қол қойды.
Ынтымақтасу туралы келіссөздерді сусын, ауыл шаруашылығы, зергерлік және металлургиялық өнімдерді өндірушілер жүргізіп жатыр.
Хайнань провинциясы Қытайдың қиыр оңтүстіктегі өңірі, бір үлкен және бірнеше кіші аралдардан тұрады. Биыл 22 мың қазақстандық демалуға қытай жағажайларын таңдаған.