Қоғам

Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыда қар жауып тұр, архивтегі сурет
Алматыда қар жауып тұр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көктемнің алғашқы айының соңғы күндерінде күн жауын-шашынды болады

АСТАНА, 28 наурыз  — Sputnik. 29-31 наурыз аралығында циклондар мен антициклондар Қазақстан аумағы арқылы қатты жылдамдықпен жылжиды. Осыған байланысты елімізде ауа-райы құбылып, жаңбыр мен қар жиі жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Қолшатыр ұстаған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынды, оңтүстік бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстігінде ылғалды қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. 

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан жоғары, тек солтүстік аудандарда температура 2-3°С нормадан төмен болады.


Жаңалықтар
0