Қоғам

Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады

© Sputnik / Еркен СалиховҚолшатыр ұстаған адам, архивтегі фото
Қолшатыр ұстаған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей аймақтарда жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Cиноптиктердің болжауынша, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып өтеді, тек республиканың батысында және оңтүстік-батысында күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстікте кей жерлерде найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с. 

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

 Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.   

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді – 15-20 м/с, түнде көктайғақ  болады. 

 Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Алматы облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0