Өңірлер

Алматыда қызды 1 миллион теңгеге сату туралы хабарландыру шықты

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуАдам
Адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл хабарландыру шындық па, әлде қалжың ба – құқық қорғау органдары анықтауы тиіс

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Алматы тәртіп сақшылары қыз баланың бір миллионға сатылатыны туралы хабарландыру авторын іздеп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев хабарлады.

Ер адам қыздың иығынан ұстап отыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада ер адам 23 жастағы қызды 80 мың теңгеге сатып жіберді

Facebook қолданушысы Елена Баринова жазғандай, хабарландырулар сайтынан ит іздеп отырғанда, адамның сатылатыны туралы жарияланымға кез болған, хабарландыруда қыз баланың бір миллион теңгеге сатылатыны туралы айтылыпты.

Бұдан бөлек, автор қызды сипаттағанда "сымбатты", "еліктіргіш" деп жазып қойған.

Полиция мәліметінше, аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді. Алматы ІІД авторды іздеп жатыр.

Жаңалықтар
0