Саясат

Назарбаев Ресей президентіне көңіл айтты

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда ойын-сауық орталығынан шыққан өрттен қаза тапқандардың саны 48 адамға жетті

АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кемеровоның сауда ойын-сауық орталығындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Кемероводағы өрт кезінде Аман Төлеевтің туысы қаза тапты
Мемлекет басшысы Кемерово қаласының сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.


Жаңалықтар
0