Өңірлер

Шымкентте жас жігіт кішкентай қыздарды шешіндіріп, суретке түсірген

CC0 / / қалтадағы ойыншық
қалтадағы ойыншық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Педофилді ұлттық ұлан сарбаздары алысқа жібермей, бір сағаттан кейін қолға түсірді

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары екі кішкентай қызды шешіндіріп, суретке түсірген педофилді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

укол - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтауда педофил алғаш рет химиялық жолмен піштіріледі

Жұма күні кешке, сағат 20:45 кезінде Уәлиханов көшесінде жүрген патрульдік топтың басшысы ефрейтор Бекзат Мамановқа бір әйел келіп, түр-кескіні еуропалық белгісіз ер адамды тауып беруді сұрайды. 

Әйелдің айтуынша, көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде алты жасар екі қызын 25-30 жастағы күдікті ер адам алдап шешіндірген. 

"Ол күш қолданбай, кішкентай қыздарды шешінуге көндірген, одан кейін оларды планшетіне суретке түсіріп алған", — деп хабарлады ұлттық ұланның баспасөз қызметі. 

Патрульдік топ басшысы бірден жауынгерлік жасақтарға хабарлап, күдіктіні іздеуге кіріскен. Ұлан жауынгерлері ер адамды бір сағаттан кейін көрші аулада ұстады. 


Жаңалықтар
0