Спорт

"Канело" Головкинге қарсы күзгі жекпе-жегі алдында допинг қолданды ма? – комиссия жауабы

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақпан айында мексикалық боксшының допинг-сынамасынан тыйым салынған кленбутерол перпараты табылды

АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Невада штаты Атлетика комиссиясының атқарушы директоры Боб Беннетт Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин айтқандай былтырғы жекпе-жек алдында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің допинг қолданғанын жоққа шығарды.

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин: "Канело" алғашқы жекпе-жектен алдын да допинг қолданды

Головкин мен "Канело" арасындағы 2017 жылдың қыркүйегіндегі кездесу тең аяқталған болатын. Енді қарымта жекпе-жек биыл 5 мамырда өтеді.

Алайда биыл ақпан айында "Канелоның" екі допинг сынамасынан тыйым салынған препарат – кленбутерол табылған. Оқиғаны тергеумен Невада штатының Атлетика комиссиясы айналысты, мексикалықтың мамырдағы кездесуге қатысатын-қатыспайтынын осы комиссия шешуі тиіс.

Ал осы апта басында Головкин батыстық БАҚ-қа берген сұхбатында, бірінші кездесуде "Канелоның" денесінен екпе іздерін байқағанын айтып өткен еді. Невада штаты Атлетика комиссиясының атқарушы директоры осы пайымдауға қатысты пікір білдіруді жөн көріпті.

"Головкинге қарсы күзгі жекпе-жекке дейін Альварестің ағзасынан күш-қуатты арттыратын немесе басқа да тыйым салынған препараттар тапқан жоқпыз", — деп мәлімдеді Бенетт Los Angeles Times басылымына.

Жаңалықтар
0