Спорт

Головкин: "Канело" алғашқы жекпе-жектен алдын да допинг қолданды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы кездесуден бұрын қарсыласының бұлшық еттерінде иненің ізі болғанын айтты

АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин қарсыласы Сауль Альварес өткен жылдың 16 қыркүйегіндегі алғашқы жекпе-жекте тыйым салынған препараттардан "таза" болғанына күмән келтірді, деп хабарлайды Sports.kz. 

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Канело" Головкинмен жекпе-жек алдында допинг-тестен өте алмай қалды
Бұдан бұрын "Канелоның " 17 және 20 ақпанда алынған екі допинг сынамасынан кленбутерол табылған болатын. Дегенмен мексикалық содан кейін тапсырған үш қосымша тестен қандай да бір допинг табылмады.   

"Оның бұлшық еттерінде иненің ізі бар екені көзге көрініп тұрды. Суретке қарап, дәрігерлерден сұраңыздар", — деді GGG Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайрге берген сұхбатында. 

Головкин мен Альварестің реваншы 5 мамырға белгіленген.   


Жаңалықтар
0