Спорт

"Канело" Головкинмен жекпе-жек алдында допинг-тестен өте алмай қалды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мексикалық спортшының допинг-сынамасынан табылған зат ағзаға ет арқылы түсуі мүмкін

АСТАНА, 6 наурыз— Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес карьерасында алғаш рет допинг-тестен өте алмады. Бұл туралы ақпаратты 27 жастағы спортшының мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы таратты.  

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Үй тапсырмасын орындадым". Головкин "Канелоға" сес көрсетті
"Мексикалық боксшының допинг-сынамаларының бірінен тыйым салынған зат  — кленбутерол табылды. Альварес карьерасында алғаш рет допинг-тестен өте алмады. Дегенмен 5 мамырдағы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек тоқтатылады деуге әлі ерте", — деп жазды BoxingScene.

Кленбутерол жануарларды тамақтандыру кезінде қолданылады, сондықтан ол адам ағзасына ет арқылы түсуі мүмкін.  

Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Реванш 5 мамырда өтеді деп жоспарланып отыр.  


Жаңалықтар
0