Әлем

АҚШ енді қылмыскерлерді жаңа әдіспен өлтіреді

© AP Photo/Eric RisbergӨлім жазасы
Өлім жазасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америка электрлі орындықтан газ камераларына оралуда

АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Американың Алабама штатында қылмыскерлерді бұған дейін қолданылмаған әдіспен өлтіруге рұқсат етті, деп жазады РИА Новости.

Нью-Йоркте жүк көлігі велосипед жолына шығып, бірнеше адамды басып өтті - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп Нью-Йоркте теракт жасаған Саиповты өлім жазасына кесуді талап етті

Алабама штаты өкілерінің палатасы өлім жазасы кезінде азотты пайдалануға рұқсат ететін заңды мақұлдады. Мұндай әдіс қылмыскерге дәрі егу мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады. 

"Бұл жай ғана оларды ұйықтатып тастайды. Жылдам әрі қиналмай өледі", — деді дебат кезінде республикашыл Джим Хилл. 

Алайда заңға қарсы болғандар бұл әдіс бұған дейін қолданылмағандықтан, оның адам жанын қинамайтынына күмән келтіріп отыр. 

"Бұрын бізде электрлі орындық болды, ал қазір газ камераларына оралып отырмыз", — деп атап өтті демократтар өкілі Томас Джексон. 

Мұндай тәжірибе АҚШ-та бұрын-соңды болған жоқ. Бұған дейін Оклахома мен Миссисипи штаттары да Алабамада қабылданған заңға ұқсас заң жобасын мақұлдады. Алайда, Оклахомада газды тек өлім жазасына мораторий алынған соң қолданбақ.

Жаңалықтар
0