Әлем

Трамп Нью-Йоркте теракт жасаған Саиповты өлім жазасына кесуді талап етті

© AP Photo / Craig RuttleНью-Йоркте жүк көлігі велосипед жолына шығып, бірнеше адамды басып өтті
Нью-Йоркте жүк көлігі велосипед жолына шығып, бірнеше адамды басып өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теракт салдарынан 8 адам қаза тауып, 12-сі жараланды

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте теракт ұйымдастырған Сайфулло Саиповты өлім жазасына кесу керек деді. Бұл туралы Ақ үй басшысы твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Нью-Йоркта теракт - Sputnik Қазақстан
Әлем
Нью-Йоркта теракт жасаған Өзбекстан тумасы хат жазып қалдырған

"Нью-йорктік террорист өзі жатқан аурухана палатасына ДАИШ туын ілуді өтінгенде қуанып тұрды. Ол сегіз адамды өлтірді, 12 адамды ауыр жаралады. Оны өлім жазасына кесу керек!", — деп жазды Трамп әлеуметтік желіде. 

Бұған дейін Саипов террорлық акті жасады деп айыпталды, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін. Федералды тергеу бюросы күдіктінің теракт жасау үшін Хэллоунді әдейі таңдағанын мәлімдеді. Себебі бұл күні көшеде көп адам жүрген. 

Естеріңізге салып өтсек, сейсенбі күні Нью-Йоркте Саипов айдаған жүк көлігі велосипед жолына шығып, бірнеше адамды басып өтті. Күдікті ауруханаға түсті. Теракт салдарынан сегіз адам қаза тауып, оннан астамы жараланды. Кейінірек 29 жастағы Саиповтың Өзбекстан тумасы екені, Америкаға жеті жыл бұрын көшіп келгені белгілі болды.

Жаңалықтар
0