Өңірлер

ОҚО-да Түлкібас ауданының тарихи атауы қайтарылады

© Photo : ОҚО әкімінің баспасөз қызметіОңтүстік Қазақстанда Түлкібас ауданының атауы өзгереді
Оңтүстік Қазақстанда Түлкібас ауданының атауы өзгереді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының атауын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізілді

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаттары Түлкібас ауданының атауын Түркібасы деп өзгерту бастамасын қолдады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шымкентте 400-ге жуық көшенің атауы жоқ

Талай тұлғалар түлеп ұшқан киелі мекен Түлкібас ауданының атауын "Түркібасы" деп өзгерту туралы ұсыныс дер кезінде көтеріліп отыр. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өңіріміздегі жер, су аттары тарихи атауларына қайта қол жеткізіп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев айтты.

Сессия барысында республикалық ономастика комиссиясының қарауына Түлкібас ауданының атауын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізілген еді. 

"Соңғы жылдары бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Кеңес заманында ауданның тарихи атауы бұрмаланғаны тарихшы ғалымдарға да белгілі. Сондықтан Түлкібасы атауын Түркібасы деп өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдаймын. Аталған мәселе бойынша облыстық әкімдік пен облыстық мәслихат тиісті шешім шығарып, облыстық ономастикалық комиссияда қаралды. Соңғы шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайтын болады", — деді Жансейіт Түймебаев.

Жаңалықтар
0