Қоғам

Шымкентте 400-ге жуық көшенің атауы жоқ

© e-shymkent.kzШымкент
Шымкент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көшелерге атау беру бойынша қоғамдық тыңдау ұйымдастырылмақ

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Шымкентте 400-ге жуық атауы жоқ көше болса, 79 көшенің атауы қайталанған. Бірдей атаулар орталық көшелермен қатар, жақында ғана қалаға қосылған ауыл көшелерінде де кездесіп қалады, деп хабарлайды 24 хабар. 

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қарағанды облысының әкімі Октябрь атауы неге қазақшаланбай отырғанын айтты

Телеарнаның хабарлауынша, жаңа аудандар мен жеке секторларда да атау жоқ. Жер учаскелері номері бойынша немесе дербес шот арқылы тіркелген. Бұл төтенше жағдай қызметі үшін қиыншылық туындатады, дейді тұрғындар. Қалалық әкімдік облыс орталығында атауларын заңдастыруды қажет ететін 28 ықшам ауданның бар екенін айтты. Бірнеше жыл бойы қордаланған бұл мәселе 2020 жылғы жалпыхалықтық санақ өткенше шешілуі тиіс. 

"Үйлердің нөмірі белгілі емес. Сондықтан бізге келген өрт сөндірушілер, жедел жәрдем таба алмай жатады. Сондай кезде үлкен көшеге қайта-қайта шығып, жол көрсетіп әуре болып жатамыз", — дейді қала тұрғыны Шаруа Пірмат. 

Павлодар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда Ленин көшесінің атауы Астана болып өзгертілді

"Қаланың орталығындағы үлкен көшелерді қалдыра отырып, қалаға қосылған шағын елді мекендердегі көшелерге атау беру бойынша көпшілік тыңдауын ұйымдастырып жатырмыз. 2018 жылы атауы қайталанатын көшелер мен жаңа көшелерге лайықты атаулар беру үшін жұмыс жүргізетін боламыз", — дейді қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің сектор меңгерушісі Әбдіжаппар Сәкен. 


Жаңалықтар
0